Өңірлер

Ақмола облысындағы «Жаңа Береке» ШҚ ІҚМ басы 589-ға жеткізілді

Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Ерментау ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты, деп хабарлады әкімдік.
Астана қаласы22 Қаңтар , 20:06

«Аймақ басшысы «Жаңа Береке» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық 2013 жылы асыл тұқымды ірі қараның 93 тайыншасын, 5 бұқа мен 5 жылқыны сатып алды», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, өткен жылы ірі қара мал басы 589-ға дейін жеткізілді, оның 326 тайынша, 5 бұқа. Сонымен қатар, башқұрлық тұқымдас 98 ат пен күшім тұқымдас 5 құлын сатып алынды. Барлығы 109 бас ат атыры бар.

Бұдан басқа, қожалықта 300 бас ІҚМ есептелген 5 ғимарат бар.

Шаруа қожалықтың алаңы 1750 га, ал мал жайылымы 1700 га, мал семіртейтін орын болса 50 га. 2015 жылы 3000 басқа есептелген мал семіртетін алаңды ашу мақсатында болашақта мал басын арттыру көзделген. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика