Басқару

Қорғаныс министрлігі мен ҰКП өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды палата.
Астана қаласы22 Қаңтар , 17:48

Ынтымақтастықтың негізгі міндеттер туралы Келісіміне сәйкес одан әрі тиімді және мемлекет үшін пайдалы жәрдемдесу және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін сатып алуындағы қазақстандық қамту үшін бизнес көлемін ұлғайту көзделген.

Сонымен қатар, тараптар тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді отандық тауар өндіруде өндірушілерді қолдауға, әлеуетті жабдықтаушылар арасында әділ бәсекелестікті сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы принциптеріне одан әрі іске асыруда ықпалдастық етпек.

Сондай-ақ, негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын қалыптастырудың механизмін жақсартуға көмектесіп, сенімді тауарларды баға, жұмыстар мен қызметтерді мониторингілеу және сатып алудағы жергілікті қамту үлесі үшін жағдай жасау болып табылады.

Палатаның хабарлауынша, Келісім Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі іс-шаралар қабылдауды қарастырады.

Келісімге сәйкес бизнестің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші органдар құруға ҰКП белсенді қатысуды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика