Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысында 2015 жылдың мамырында жел электр станциясы іске қосылады

2015 жылдың мамырында Ерейментау ауданында жел электр станциясын іске қосу жоспарланған, деді 1-ші жел электр станциясының директоры Ильяс Құрамысов.
Ақмола22 Қаңтар , 17:18

«Жобаның құны 17,7 млрд теңгені құрайды. Станция құрылысын «Самұрық Энерго» ЖШС  тапсырушысы жүзеге асырады. Қызметтің негізгі түрі энергия көзінің баламалы түрін өндіру болып есептеледі. ЖЭС-пен қамту ЭКСПО-ға дайындықтың бір қыры болып табылады. Станцияның қуаттылығы 45 МВТ-ны құрайды, толық қуаттылығы 300 МВТ-ға жетуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 22 турбинаның 20-сы орнатылды, қосалқы бекеттің құрылысы жүруде.

«Жұмыс Германиялық әріптестер бірлесіп жүргізілуде. Станцияда 10 жаңа жұмыс орны  ашылды, жалақы құны 100 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады әкімдікте.




Яндекс.Метрика