Ұлтаралық бірлік

Қызылорда облысында ҚХА жылын өткізу жоспары талқыланды

Қызылорда Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестіктерінің жас өкілдерімен, өңіріміздегі жастар ұйымдарының белсенді жастарының қатысуымен кездесу болып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 22 Қаңтар, 16:48

Жиын барысында этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының 2015 жылға арналған жоспарлары тыңдалып, талқыланды.

Айта кету керек, елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Оның ішінде біздің облысымыз ұлтаралық қарым-қатынастың мызғымас ұйытқысы, этностардың бірлігі мен бір мақсатқа жұмылуының айқын мысалы ретінде танылуда.

Осы тұста Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де Ассамблея кафедрасы ашылды. Бұл кафедра елімізге өзге этнос өкілдерінің көшіп келу себептері, тарихын оқыту мақсатында ашылды. 





Яндекс.Метрика