Парламент

ҚР-да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сараланған квота қарастырылуда

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сараланған квота қарастырылуда, деді Мәжілісте денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.
Астана қаласы22 Қаңтар , 12:56

Вице-министр атап өткендей, Мәжілісте «Кейбір заңнамалық актілерге көші-қон жұмысымен қамту туралы өзгертулер енгізу» қаралуда. Заң мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыстың стандарттарын әзірлеуді қарастырады.

«Біз үш пайыздық квота түсінігінен өтіп, сараланған квотаға көштік. Штатта  50-ден 100 адамға дейінгі жұмыс берушілердің жауапкершілігі артады. 100-ден 150-ге дейін 3 пайыздық квота, 250-ден жоғары болса 4 пайыздық квота қарастырылған», - деді С.Жақыпова.

С.Жақыпова атап өткендей, күрделі және қауіпті жұмыс орындары ескерілетін болады.

«Біз жұмыс берушілердің өзінен белгілі салмақты алып, жауапкершілікті нығайтуға көңіл бөлеміз», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, «ҚР кейбір заң актілеріне мүгедектер құқығын қорғау бойынша бірқатар өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы аясында 9 млрд 900 млн теңгені 2018 жылға дейін бөлу қарастырылған.

Қаржы техникалық және қосымша кеңейтілу үшін бағытталған. «2015 жылы аталмыш қызмет ақпан айының соңына дейін Үкімет қаулысына енгеннен кейін күшіне енеді», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика