Парламент

12-жылдық білім беруге көшу белгісіз уақытқа шегерілуі мүмкін – БҒМ

Қазақстанда 12-жылдық білім беру бағдарламасын енгізуді белгісіз уақытқа шегеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының отырысында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
Астана қаласы22 Қаңтар , 12:47

«Елімізде зерттеу жүргізілді, кейбір мектептерге 12 жылдық білім беру стандарты енгізілді. Мамыр айында бұл зерттеу аяқталады. Зерттеу нәтижесін қарастыра отырып біз әзірге ұсыныс берудеміз, себебі мемлекеттік білім бағдарламасына өзгерістер енгізу керек болады. Біз бүгінгі жағдайды ескере отырып 12 жылдық білім беруге көшуді шегеру туралы ұсыныс жасамақшымыз», -  деп мәлімдеді БҒМ.  

Сонымен қатар, министр атап өткендей, 12 жылдық білім беруді шегеру мерзімі әлі қарастырылады. Алайда зерттеу нәтижелерін ескере отырып, БҒМ 12 жылдық білім беруді әзірге шегеруді дұрыс көріп отыр. «Көптеген факторлар бар, оның ішінде қаржы мүмкіндігі де жоқ емес. Бүгінде Үкімет Президенттің тапсырмасымен экономикадағы болуы мүмкін түрлі жағдайлар бойынша сценарий жасақтауда», -  деп жалғастырды министр.

БҒМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда аталмыш бағдарлама бойынша 400 бала білім алуда. «Олар үшін біз ҰБТ тапсыру, ЖОО түсудің  өзгеше ережесін жасақтадық. Бұл зерттеудің нәтижесі 11 жылдық білім беру бағдарламасын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады», - деді А.Сәрінжпіов.

Сонымен, министрдің айтуынша, «Білім беру туралы» заңдағы 6-7 жастан балаларды мектепке қабылдау ережесі дәл солай қала береді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика