Адами капитал

2014 жылы Астанада 22 мыңнан астам туылғандар тіркелді

Астана қаласы халқының саны ағымдағы есеп бойынша 2014 жылғы 1 желтоқсанға 850410 адамды құрады, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
Астана қаласы22 Қаңтар , 19:51

«Алматы» ауданы бойынша - 379295 (44,6%), «Есіл» ауданы бойынша - 125826 (14,8%), «Сарыарқа» ауданы бойынша - 345289 (40,6%) адамды құрады.

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласы халқының жалпы саны  35975 адамға, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 11268 адамға, «Есіл» ауданы бойынша  -  12022 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 12685 адамға көбейді.

2014 жылғы қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 18887 адамды, көші-қон өсімі  17088 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-қараша аралығында Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 22141 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 11,8%-ға көтерілді және 18887 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-қарашадағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға, ажырасулар саны 8,4%-ға өсті.

 




Яндекс.Метрика