Парламент

Қазақстан Парламенті ҚР Еңбек кодексіне енген түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенаторлар Қазақстан Республикасының «ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады.
Астана қаласы22 Қаңтар , 12:18

Заң жобасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында дайындалды.

Заң жобасы арқылы жастарды жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік мәселелерді шешу қарастырылған. Осы орайда ҚР Еңбек кодексіне, соның ішінде жұмысқа алғаш орналасқан жас маманды кемінде 2 жыл келісімшартпен жұмысқа алу, 18 жасқа толмаған, білім беру ұйымдарында оқыту бағдарламасы бойынша білім алған және мамандық игергеннен кейін бір жылдың ішінде жұмысқа алғаш орналасқан жастарды жұмысқа алуда сынақ мерзімін алып тастауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

«ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жастар саясатына байланысты мәселелерді реттеу мақсатында әлемдік базаға сәйкестендіру мақсатында дайындалды. Заң жобасы Бас комитеттің кеңейтілген отырысын қосқанда барлық қажетті реттеуші процедураларды сақтай отырып дайындалды және оны қабылдауда депутаттар белсенді талқыға салды», - дейді сенатор Серік Бектұрғанов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика