Өңірлер

Ақмола облысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасы бойынша 3 айдың ішінде ауылдық мектеп жөнделді

Ақмола облысы Бурабай ауданының Зеленый ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 3 айдың ішінде ауылдық мектеп жөнделді.
Ақмола22 Қаңтар , 15:03

«Ғимараттың жөнделуіне 72 млн. теңге бөлінді. Айта кету қажет, бұл нысан «Жұмыспен қамтудың  жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жөнделгендіктен, мекемені жөндеуге  мердігер мекеменің құрылысшыларынан басқа, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін еңбек биржасынан 24-тен астам адам тартылды» - деп хабарлады Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар КММ директоры Қарлығаш Лұқпанованың ақпаратына сәйкес, 2014 жылы Бурабай ауданының 14 нысанында күрделі жөндеу жасалған:  2 мектеп, Орталық қалалық емхана, медициналық-әлеуметтік мекемелер жөнделді. Құрылыс барысында 140 жұмыс орны құрылды.

Айта кетейік, 2015 жылы Ақмола облысында  «Жұмыспен қамтудың  жол картасы-2020»  бағдарламасын бұдан әрі іске асыру үшін республикалық бюджеттен 4,3 млрд.теңге қаржы бөлу, жұмыспен қамту шаралары үшін жұмыссыз адамдардың, өз бетімен жұмыс істеуші және тұрмысы төмен 3330 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика