Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Семейде 2015 жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында 69 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

Семейде 2015 жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру мақсатында 69 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлады қала әкімдігі.
Шығыс Қазақстан22 Қаңтар , 14:33

«Бағдарламаны жүзеге асыру тәжірибесін есепке ала отырып, 2015 жылы жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру мақсатында бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 69 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, жалпы құны 2900,695 млн теңге. Осы ретте 576 жұмыс орны ашылады және жұмыспен қамту орталығы арқылы 319 адам жұмысқа орналасады», - делінген хабарламада.

Ал, екінші бағыты бойынша - ауылдарда жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қамту аясында 380 млн теңгені микронесиеге беру көзделуде.

Сонымен қатар, үшінші бағыттың бірінші бөлімі бойынша кәсіби дайындыққа (мемтапсырыс) 65 адам жіберіледі, қаржыландыру көлемі 32,709 млн теңге; кәсіби қайта даярлауға 75 адам жіберіледі, қаржыландыру көлемі 9,610 млн теңге; біліктілікті арттыру  - 30 адам, қаржыландыру көлемі 3,637 млн теңге; жалдамалы жұмысшыларды оқыту - 80 адам, қаржыландыру көлемі  7,766 млн теңге.

Бұдан басқа, Бағдарламаның 275 қатысушысын уақытша әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту көзделген, жалақыны субсидиялау үшін  25,344 млн теңге бөлінеді; жастар тәжірибесі  - 220 адам, , жалақыны субсидиялау үшін   39,471 млн теңге қарастырылған.  




Яндекс.Метрика