Ұлттың денсаулығы

Алматыда самбодан әлемдік жарыс өтеді

Алматыда самбодан әлемдік жарыс өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Алматы қаласы22 Қаңтар , 20:47

24-25 қаңтар аралығында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыйлығы» үшін ерлер мен әйелдер арасында спорттық самбодан Әлем Кубогінің Этапы - Самбоның 2015 жылғы әлемдік күнтізбегінің спорттық шаралары басталады.

«2015 жылғы Әлем Кубогінің Этаптарына қатысу үшін жақын және алыс 25 шетелден өтініш түсті, бұл алқалы жарысқа қазақстандық самбошыларды қосып есептегенде 400 спортшы қатысады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Самбодан жыл сайынғы Әлем Кубогі Этапын ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы самбодан күрес Федерациясы, Халықаралық САМБО федерациясы (FIAS) және Алматы қаласының әкімдігі.




Дерекнама

Яндекс.Метрика