Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Атырау автожолын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Атырау автожолын қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе23 Қаңтар , 09:48

Өздеріңізге де белгілі, аталған жолды жөндеу ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында аты аталған негізгі көлік байланыстарының бірі болып табылады.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Ақтөбеден Атырау облысындағы Мұқыр елді мекеніне дейінгі жол бөлігін зерттеуге қаражат бөлініп, тендер жарияланды. Оны ақтөбелік жобалау ұйымы жеңіп алды. Олар қазір жұмысқа кірісіп кетті.

«Атырау облысы Сағыз ауылына дейін барып, жұмысты шамамен жоспарлап қайттық. Қазіргі таңда жолдағы елді мекендердің келісімі алынып жатыр. Салынатын автожолдар мемлекет меншігі болғанымен, оның өтетін жеріндегі кейбір жел телімдері жеке тұлғаның меншігі болуы мүмкін. Жаңа құрылыс нормалары бойынша автожол мен тұрғын жайдың арасы 200 метр болуы керек.  Кей жағдайларда жер иелерінен рұқсат алып, не болмаса сатып алуға тура келеді», - дейді «Қазавтожол» РМК ақтөбелік бөлімшесінің директоры Әкімжан Өтемұратов.

Басқарманың айтуынша, құрылысқа ашық тендер жарияланып, оған шет елдік компаниялар да қатыса алады.




Яндекс.Метрика