Өңірлер

Қазақстан құс өсірушілері 215 мың тоннадан астам арзандатылған астық алады

Шамамен 60 шақты отандық құс фабрикасы «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ-мен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп жем-шөп үшін коммерциялық ресурстан арзандатылған астық тасымалдауға келісті, деп хабардлайды «Қазақстанның құс өсірушілері» ЗЖТБ баспасөз қызметі.
Казахстан22 Қаңтар , 12:04

«Құс фабрикаларымен келісім Қазақстанның құс өсірушілері одағы мен Ауыл шаруашылық министрлігінің бекіткен нысандарына сай құрылды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық құс өсірушілер елдің солтүстік өңірлеріндегі элеваторларынан тоннасына 37500 теңгемен 4 сыныпты 215 тонна бидай сатып алады», - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, 2015-2016 жылдардағы астық қажеттілігінің жылдық көрсеткіші 573 мың тонна бидай, 64 мың тонна жүгері мен 58 мың тонна арпаны құрайды.

Одақ президенті Руслан Шариповтың айтуынша, қазіргі таңда Үкіметтің қарауында заң жобасы қаралып жатыр. Оған сай, отандық құс асыраушылардың астық сұранысының 50 пайызын мемлекет белгіленген бағамен өтейтін болады.




Яндекс.Метрика