Халықаралық интеграция

Астық нарығының қатысушылары VII Қазақстандық астық форумына жиналады

26 ақпан күні Астанада «Қазагромаркетинг» АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның ресми қолдауымен VII Қазақстандық «KAZGRAIN-2015» астық форумын өткізеді, деп хабарлады ҚазАгро.
Астана қаласы22 Қаңтар , 10:47

Іс-шараға Қазақстан, Иран, Түркия, ТМД елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Балтика жағалауы елдері астық нарықтарының жетекші компаниялары қатысатын болады.

«Биылғы форум барысында отандық және әлемдік астық нарықтарындағы ағымдағы маркетингтік жылдың үрдістері, отандық астықтың экспорттық әлеуеті, астық нарығының инфрақұрылымын дамыту проблемалары, отандық ұнды экспорттаудың әлеуетті мүмкіндіктері, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы өзгерістер іспетті өзекті тақырыптар талқыланатын болады», - делінген хабарламада.

Қазақстандық «KAZGRAIN» астық форумы - «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ұйымдастырылуымен өткізілетін дәстүрлі халықаралық шара.

Аталған шараның мақсаты – отандық астық өндірушілерге өз өнімдерін сыртқы нарықтарға шығаруға және әлеуетті инвесторлар іздеуге жәрдемдесу.

Форумға қазақстандық өндірушілермен қатар қаржы институттарының, брокерлік, заңгерлік және тасымалдау компанияларының, биржа алаңдарының, ақпараттық-консалтингтік агенттіктердің, ірі қайта өңдеуші кәсіпорындардың, отандық және шетелдік озық трейдерлік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ, астық саласындағы отандық және қазақстандық сарапшылар қатысады.




Яндекс.Метрика