Халықаралық интеграция

ЕҰУ-дің Инновациялық паркі базасында финдік Бизнес Хабтың ашылуы жоспарлануда

Еуразия ұлттық университетіне Астана қаласындағы Business Oulu финдік Бизнес Хабтың делегаттары келді, деп хабарлады ЕҰУ.
Астана қаласы22 Қаңтар , 10:03

Келудегі мақсат – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Инновациялық паркімен екіжақты ынтымақтастық, стартап-жобаларды дамыту, қазақстандық ғалымдардың жобаларына қолдау көрсету.

Аталмыш Бизнес Хабтың қызметі туралы қысқаша мағлұматты Қазақстандағы ұйымның өкілі Мұхтар Манкеев баяндап берді. Айтылғандардың ішіндегі құнды ұсыныстардың бірі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Инновациялық паркі жанынан финдік Бизнес Хабтың өкілдігін ашу болды.

Айта кетейік, Оулу қаласы – Солтүстік Скандинавияның астанасы. Ол Солтүстік Скандинавияның маңызды сауда, логистикалық және мәдени орталығы болып табылады. Аталмыш шаһар 1980 жылдардан бастап әлемдік деңгейде ақпараттық және компьютерлік технологиялар (АКТ) саласындағы қомақты зерттемелерімен мақтана алады. Оулу қазіргі таңда да АКТ саласына негізделген пациенттер мониторингі, баспа электроникасы мен таза технологиялар сынды зерттеу салаларында көш бастап келеді. 3 миллиардтан астам адам Оулуда жасалынған мобильдік технологияларды тұтынады екен.

 




Яндекс.Метрика