Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысында ІІД Жедел басқару орталығы ашылды (ФОТО)

Ақмола облысының Щучье қаласында ІІД Жедел басқару орталығы ашылды.
Ақмола 22 Қаңтар, 09:33

«Жедел басқару орталығының жұмысы қаладағы, сонымен қатар Щучье-Бурабай демалыс аймағындағы қылмыстық ахуалды жақсартуға, қылмыспен күресуге, жалпы жағдайды бақылауда ұстауға бағытталған», - деп аймақ әкімдігінен хабарлады.

«Аталып өткендей, барлығы 20 бейнекамера орнатылған, оның 15-і Щучьеде,  5-уі Бурабай ауданындағы Бурабай ауылында. ЖБО ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету үшін 538 млн теңге, ал бейнебақылау жүйесі үшін   57 млн. теңге жұмсалды», - деп әкімдіктен толықтырды.

Жаңа жүйелер мен арнайы дайындалған мамандар тәулік бойы қызмет атқаратын болады. Щучьеде ЖБО ашылуына байланысты барлық техника қылмыстың бетін ашу жолында тиімді пайдаланылуда. Айта кетерлік жайт ЖБО патрульдік қызметпен де тығыз байланыста жұмыс істейді.

Айта кетерлік жайт, осындай орталықтар республикамыздың барлық аймақтарында жұмыс істейді. Олар қоғамдық тәртіпті тәулік бойы қадағалайтын үйлестіруші күш ретінде өздерінің тиімділігін дәлелдеді.





Яндекс.Метрика