Халықаралық интеграция

ҚР Премьер-Министрі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуда

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцария Конфедерациясына барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде22 Қаңтар , 08:47

«Сапар барысында Қазақстан Премьер-Министрінің бірқатар мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдар мен ірі шетел компанияларының жетекшілерімен кездесуі күтілуде», - делінегн хабарламада.

Атап айтсақ, Кәрім Мәсімов Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесті, кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды.

Кездесу барысында Кәрім Мәсімов Қазақстанның  БҰҰ аясында африкалық елдермен және халықаралық ұйымдармен  тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, Давоста Кәрім-Мәсімов ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, осыған дейін келісілген келіссөздердің орындалу уақытымен бірлескен жобалардың ортақ мндеттерін қарады.




Яндекс.Метрика