Өңірлер

2015 жылы Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2-ші кезеңіне 2,6 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысында облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен Щучье – Бурабай курорттық аймағының дамуы туралы кеңес өтті, деп хабарлады әкімдік.
Ақмола22 Қаңтар , 09:04

Әкімдіктің мәліметі бойынша ауқымды шаралар әлемдік деңгейдегі туристік орталықты құруға бағытталған. 85 шараның ішінде – 21 млрд теңгенің 48 шарасының жауапкершілігі облыс атына тіркелген. 2015 жылы ЩБКА дамуына 2,6 млрд теңге бөлінді. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту аясында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынуда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 6 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, 2 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, 240 орындық  3 мектеп салынды, 4 қоғамдық тәртіпті қадағалау нысанын салу жоспарланған.

2014 жылы ЩБКА жобаларын жүзеге асыру үшін 3,9 млрд теңге бөлінді. «Қазақстандық Лапландия» көңіл көтеру кешені үлкен атаққа ие. Қазақстан Президентінің бастамасымен салынған кешен 3 айлық қыс маусымында 14 мың туристке  қызмет көрсетеді. Жуырда ЩБКА тұңғыш вейк-паркі ашылды, «Rixos» қонақ үйінің ауданында орналасқан кешен Бурабай кешенін толықтыра түседі.

Сондай-ақ, 2015 жылы Көкшетау қаласының маңында азық-түлік белдеуі бойынша 7,4 млрд теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылмақ. Жалпы, 2014 жылы  Көкшетау аймағында азқ-түлік белдеуі аймағында 30,8 млрд теігенің азығы өндірілді, ол 2013 жылмен салыстырғанда 111 пайызды құрады.

 




Яндекс.Метрика