Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы миллионнан астам жолаушы «Тұлпар-Тальгомен» сапарлады

Өткен жылы жылы миллионнан астам жолаушы «Тұлпар-Тальгомен» сапарлады, деп хабарлады ҚТЖ.
Казахстан22 Қаңтар , 09:18

Биылғы жылы «Тұлпар-Тальго» Астана-Қызылорда, Алматы-Ақтөбе, Алматы-Өскемен, Астана-Өскемен бағдарларына қатынайтын пойыздардың жүру жиілігін арттырмақ ойда. 

Атап өтерлігі, өткен жылғы қарашадан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына едәуір жеңілдіктермен тарифтері  қолданылады. Пойыз билетін алдын ала сатып алған жолаушыға негізгі бағамен салыстырғанда 35% жеңілдік бар. Мәселен, Астана-Ақтөбе бағдарына шығатын жолаушы билетті 40 тәулік бұрын сатып алса оның бағасы 11 мың теңге емес, 7 мың теңгеге түседі.

 2014 жылғы желтоқсанның 16-сынан бастап белсенді жастар мен қарияларға жеңілдіктер қарастырылған. Оларға арнайы дисконттық карталар арқылы 10 -нан 20% дейін жеңілдік бар.

«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыз қозғалысы соңғы үш жылда ашылған сегіз бағдарға қатынайды. Алғашқы жүрдек пойыз 2002 жылы Астана- Алматы мен Алматы –Шымкент бағдарына сапарға шықты. Қазіргі таңда қазақстандықтар «Тұлпар-Тальгомен» Алматы-Петропавл, Астана-Ақтөбе, Астана-Атырау, Алматы-Атырау, Алматы-Ақтөбе, Алматы-Өскемен, Астана-Өскемен, Астана-Қызылорда бағдарларына шығады. Жүрдек пойыздар қазақстандықтардың сұранысы арта түскен.




Дерекнама

Яндекс.Метрика