Халықаралық интеграция

Қазақстандық делегация ИЫҰ Парламенттік Одағының 10-шы сессиясына қатысуда

21-22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Стамбулда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағының «21 ғасырдағы қатерлерге жауап: жаһандық бейбітшілікке, сот төрелігіне, тұрақтылықты және қауіпсіздікті орнықтыру» тақырыбына аралған 10-шы сессиясына қатысты.
Әлемде21 Қаңтар , 18:21

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ИЫҰ парламенттік форумы аясында қазақстандық делегация Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Ж.Чичекпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Түркиямен стратегиялық әріптестіктің маңызы туралы айта келіп, А.Бейсенбаев Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының түрлі салалардағы қарқынды дамуына тоқталды және екі елдің парламенттерінде жұмыс істейтін «Қазақстан-Түркия» парламентаралық достық тобының әлеуетін жан-жақты өрістету қажеттігін атап өтті. Кездесуге сенатор Л.Тұрлашов, сондай-ақ Мәжіліс депутаты Т.Ибраев пен М.Ахмадиев қатысты.

 




Яндекс.Метрика