Үкімет

Мәдениет министрлігіне елде жаппай және кәсіби спортты дамыту бойынша шаралар қолдану тапсырылды

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті, онда жаппай және кәсіби спортты, спорт федерацияларын дамыту жағдайы мен перспективалары қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Қаңтар , 18:03

Кеңесте мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ұлттық федерациялар мен спорт ұйымдарының өкілдері қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша ҚР федерациялары жұмысының қорытындысы туралы есепті баяндама жасады.

Атап өтілгендей, елімізде 100-ден астам республикалық федерация жұмыс жасайды және олардың кейбіреулерінде уәкілетті органды аккредиттеу, спорттың бейіндік түрлерін дамыту және дәріптеу бойынша бағдарламалар жоқ.

Спорт федерацияларының басшыларына айтқан сөзінде вице-премьер белгіленген мәселелерді шешу үшін заманауи менеджмент, кәсіби кадрлар, қаржыландырудың тиімді және ашық тетігі қажеттігін атап өтті.

 «Алға қойылған тапсырмаларды шешу үшін мәдениет және спорт министрлігінің, спорт федерацияларының, жергілікті атқарушы органдардың және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет» - деп баса айтты Б.Сапарбаев.

Талқылауды қорытындылай келе, Б.Сапарбаев МСМ-не спорт түрлерін дамыту бағдарламаларын әзірлеу және бекітуге, облыстық федерацияларды, спорт секциялары мен клубтарды, балалар және жасөспірімер спортын дамыту бойынша нақты шаралар қолдануға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.




Яндекс.Метрика