EXPO-2017

Қазақстан БАӘ компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді

Абу-Дабидегі Дүниежүзілік Болашақтың Энергиясы Саммиті жұмысына қатысып жатқан «Астана ЭКСПО-2017» өкілдері БАӘ алдыңғы қатарлы компанияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Ұлттық компания.
Әлемде21 Қаңтар , 19:04

«Ұлттық компания өкілдері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық пен оны өткізу барысымен таныстырып, оған қатысу мүмкіндіктері мен шарттары туралы мәлімет берді», - делінген хабарламада.

IRENA жаңартылмалы энергия көздері бойынша халықаралық агенттік жетекшісі Гурбуз Гонулмен кездесу барысында ұлттық компания өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мүмкіндігі мен «Болашақтың энергиясы» тақырыбын дамыту саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, 2017 жылғы көрме аясында халықаралық агенттікпен тақырыптық конференция жүргізу мүмкіндігін пысықтады.

Сондай-ақ, осы күні делегация Масдар институты президенті, доктор Фред Мовензадемен кездесіп, ол өз кезегінде Астана қаласында аталған көрмені өткізуге институттың белсенді ат салысатынын айтты. «Біз сонымен қатар Қазақстанда жер серіктерін дамыту, телекоммуникацияны дамыту мен зымыран өндірісін дамытуға қызығушылық танытудамыз», - деді.

Энергетика министрлігі климаттың өзгеруі департаменті директоры Ахмед әл-Авади ұлттық компания делегациясымен кездесу барысында тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді. Әмірліктің халықаралық деңгейде айтулы шаралар өткізуден мол тәжірибесі бар екенін еске салды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика