Инфрақұрылымның дамуы

2015 жылы Маңғыстау облысында 80 орындық 2 балабақша салу жоспарланған

Бүгін Маңғыстау облысында 2014 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлады әкімдік.
Маңғыстау21 Қаңтар , 20:07

«Кеңес барысында Маңғыстау облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен осы жылы атқарушы орган алдында тұрған мақсат- міндеттер талқыланды», - делінген хабарламада.

2015 жылы басым жоспарлардың ішінде «Шетпе-Қызан» жолының қайта жөндеу жұмыстарын жалғастыру, ауыл ішіндегі су құбырлары мен автожолдардың төселуі, Ақшымырау ауылындағы мәдени-сауықтыру кешені құрылысын аяқтау, Үштаған, Жынғылды және Қызан ауылдарындағы амбулаториялардың салынуы бар.

Сондай-ақ, Үштаған және Жынғылды ауылдарында 80 орындық балабақшаның бой көтеруі жоспарланған. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Бекі мен Шетпе ауылдарында 320 және 600 орындық мектеп салынбақ.




Дерекнама

Яндекс.Метрика