Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ШҚО-да мемлекеттік органдар мен жұртшылық жемқорлықпен күресте жұмылады

ШҚО-да мемлекеттік органдар мен қоғамдық қадағалау институты жемқолықпен күрес жолында күш біріктірмекші. Бұл туралы «ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясы және 2011-2015 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы салалық бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі» тақырыбандағы дөңгелек үстелде белгілі болды, деп хабарлады ШҚО-ның ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан21 Қаңтар , 18:19

ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігінің ШҚО бойынша  департаментінің жетекшісі Ғалымбек Досанов қатысушыларды Жемқорлыққа қарсы стратегиямен, Елбасының жыл сайынға Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен міндеттерімен таныстырды.

Ғ. Досановтың айтуынша, қоғамдық қадағалаудың ролі зор. «Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде қоғамдық қадағалау институттары біздің қоғамымызда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын авангардқа айналуы тиіс. Оның үстіне онымен күресте күш біріктіру ол қжеттілік»,- деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бағыттары талқыланды.

«Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар қабылдау туралы қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік оргындардың басшыларына арналған үндеу қабылданды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика