Өңірлер

Қазақстанда 50,7 млрд теңге сомасындағы 8 897 нысан жария етілді

ҚР аумақтарындағы орналасқан мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдарының жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 134,0 млрд. теңгенің мүлкін жария етуге 17 536 өтініштер келіп түсті.
Казахстан21 Қаңтар , 16:18

Қаржы министрлігі хабарлағандай, 98,0 млрд. теңге сомасында 13 983 тұрғын жай нысандары, 34,5 млрд. теңге сомасында 7 955 тұрғын жай емес нысандар, оның ішінде 21,1 млрд. теңге сомасында 1 696 коммерциялық нысандар, 0,7 млрд. теңге сомасында заңды тұлғалардағы 13 қатысу үлестері, 0,8 млрд. теңге сомасында бағалы қағаздар жария етілді.

50,7 млрд. теңге сомасындағы 8 897 объекті жария етілді.

ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету бойынша 2015 жылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша салық органдарына тұрғын жай объектілері бойынша 108,7 млн. теңге сомасында 2 өтініш келіп түсті, 108,7 млн. теңге сомасында 2 объекті жария етілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есеп деректері бойынша 2015 жылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерде ақшаны жария етуге байланысты ашылған 51 жинақ шоттарына жалпы сомасы  9,6 млрд. теңге түскен, оның ішінде жинақ шоттарынан 3,1 млрд. теңге алынған, ақшаны жария еткені үшін 339,6 млн. теңге бюджетке алым төленген. ҚР экономикасына 2.9 млрд. теңге инвестиция салынды.

1-Н есептің 2015 жылғы 19 қаңтардағы деректері бойынша «Мүлікті жария еткені үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке нақты 350,5 млн. теңге түсті.




Яндекс.Метрика