Ұлтаралық бірлік

А. Башмаков: ҚХА - этносаяси мәселелерді шешудегі ғылыми тәсілдердің орталығы (ВИДЕО)

Қазақстан халқы Ассамблеясы - этносаяси мәселелерді шешудегі ғылыми тәсілдердің орталығы, деп ағынан жарылды Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан халқы Ассмаблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 16:03

«Елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институтты ашу идеясы туды, оның авторы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Ол туралы ашық әңгіме алғаш рет 1991 жылдың аяғына қарай 1992 жылдың басында айтылды, ал 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Президентінің жарлығымен аталмыш институт құрылды. Ол тек әдістемелік қана емес, этносаяси мәселелерді шешудегі ғылыми тәсілдердің орталығына айналды», - деді ол.

Сонымен қатар, А. Башмаков атап өткендей, ағымдағы 2015 жыл  ҚХА 20-жылдығы еліміздегі  нағыз рухани тарихи оқиғаға айналады.

«Бір жарым айдан кейін біздің мемлекетіміз ҚХА 20 жылдығын атап өтетін болады. Аталмыш рухани тарихи оқиғаға ерекше мән бере отырып Елбасымыз өткен жылы 29 тамызда 2015 жылды ҚХА жылы деп атап өтті», - деп толқытырды  Башмаков.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика