Мәдениетті жаңғырту

Павлодарда 186 ҰОС ардагерінің баспаналары жөнделеді

Қазіргі таңда Павлодарда ҰОС-тың 70 жылдығын тойлауға дайындық іс-шаралары жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігі.
Павлодар21 Қаңтар , 17:33

Ұйымдастырушылық, ақпараттық-насихаттаушылық, әскери-патриоттық және мәдени – спорттық шаралар жоспарланған.

2015 жылдың 19 қаңтарына сәйкес, Павлодар қаласында  186 ҰОС соғысының ардагері тұрады.

Ұлы Отан Соғысының  70 жылдығын мерекелеу  қарсаңында ардагерлерге бір реттік материалдық көмек ақысы төленеді. Жергілікті бюджеттен 75,7 АЕК төленді, ол 29400,0 мың теңге құнының 150 мыңын құрайды, сондай-ақ, құны 5 мың тұратын мерекелік сыйлықтар да тапсырылды.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 100,0 мың теңге көлемінде жалпы сомасы 19600,0 мың теңге бөлінді. Төлемдер сәуір айында беріледі.

Осымен үшінші жыл қатарынан ардагерлердің баспаналарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы 125 пәтер, 2014 жылы 62 пәтер жөнделді. 2015 жылдың 9 мамырында 45 пәтерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.




Яндекс.Метрика