Өңірлер

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету үшін бірыңғай ғаламтор порталы іске қосылады

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету үшін бірыңғай ғаламтор порталы іске қосылады, деп хабарлады Еуразиялық медиафорумның бас директоры Руслан Жемков ОКҚ өткен брифингінде.
Астана қаласы21 Қаңтар , 15:02

«Қазіргі таңда Жеңіс туралы ақпараттық портал  «zhenis.kz» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталып кетті.  Бұл жобаға бірнеше үлкен бөлімдер енгізілген», - деп хабарлады ол.

Оның айтуынша, біріншісі шолу және ақпараттық, мұнда жастарға соғыстың нәтижесіне көмегі тигендер, Қазақстанның  соғысқа қатысқаны, Қазақстаннан шыққан батырлар туралы жастарға ақпарат беріледі.

«Өзіміздің батырларымыздың ерлігін дәріптейтін боламыз, соғыс хронологиясын көрсетеміз», - деп толықтырды Р. Жемков.

Еуразиялық медиа форум бас директорының айтуынша, мәліметтер базасы деңгейінде ардагерлер «қажеттілігінің картасы» жасалады, олар бойынша қоғамдық ұйымдармен, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен жұмыс жүргізіледі. «Біз кез-келген қалаған адам көмек көрсетуге ат салыса алуы үшін барлығын біріктіріп, бірыңғай каталог жасауды,  соғыс ардагерлерінің базасын жасақтауды, олардың еңбегін көрсетіп және бір жерге жинауды, санаттар бойынша бөліп, басымдылықтарды анықтауды жөн санадық», - деді Р. Жемков

Айта кетерлік жайтғ портал онлайн режимінде болады.

«Біз сайттағы ашықтыққа барынша көңіл бөліп отырмыз, және көмектескісі келетін адамның қалаған көмек түрін қамтамасыз етуге барынша жағдай жасаудамыз», - деп түйді Р. Жемков.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика