Мәдениетті жаңғырту

Ақмола облысында Мәдени саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Ақмола облысында облыстық филиалдың қатысуымен пікірталас түрінде ҚР-ның Мәдени саясаты тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлады Ақмола Медиа Орталығы.
Ақмола21 Қаңтар , 16:48

«Іс-шараның негізгі мақсаты - ҚР-ның Мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асыру, мәдени саласын қолдау және дамыту әдістерін, тәсілдерін қайта қарау.Қазақстан Республикасының мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлем халқы мен мемлекеттерінің көпшілігінің аса маңызды даму басымдықтарының қатарына кіреді. Мәдениеттің даму деңгейі, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалу мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын, жемісті мәдени алмасу мен тұлғаның рухани-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктерінің болуы табыстың аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылады.

Мәдени саясатының тұжырымдамасы мәдениеттің әрі қарай дамуының ең маңызды құжаты болып табылады.

Пікірталас барысында жұмыстың жаңа түрлері ұсынылды. Мәдениет басқармасының жанында инновациялық идеялар банкін жасау жоспарланып отыр. Облыстың аудандары мен қалаларының мәдениет мекемелері жаңа интерактивті жұмыстың түрлерімен бөліседі. Әр аудандық мәдениет үйі мен орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өзінің жасаған шығармашылық лабораториясымен бөлісуге мүмкіндігі туады.

2015 жылы көрермендер М.Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған «Батырлық жолы» және Ш.Уәлихановтың мерейтойына арналған «Любина роща» қойылымдарын тамашалайды. Мұндай ауқымды іс-шараларды өткізу үшін барлық әлеуметтік салалардың ресурстары, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы, қоғамдық бірлестіктер мен шығармашылық одақтар тартылған.

Пікірталас алдында қатысушылар мен қонақтар Қазақ хандығының  550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, М.Ғабдуллин мен І.Есенберлиннің 100 жылдықтарына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көрмелермен танысты.

Пікірталас кезінде қатысушылар мен қонақтар мерейтойлық іс-шараларды өткізу бойынша ұсынымдармен танысты.Ақмола облысы ауқымды шаралардың соның ішінде, Халықаралық музей фестивалін, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің халықаралық фестивалін өткізу бойынша тұжырымдамасын әзірледі.

   




Яндекс.Метрика