Мәдениетті жаңғырту

«Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері Сан Диегода қазақ мәдениеті күндерін ұйымдастырды

«Болашақ» бағдарламасы стипендияттары Сан Диегода қазақ мәдениеті күндерін ұйымдастырды, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде21 Қаңтар , 18:34

«Халықаралық байланыстарды кеңейтіп, мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында «Болашақ» бағдарламасы стипендияттары Калифорния университеті студенттері мен оқытушыларына ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды. Сонымен қатар, шара аясында мерекелік концерт өтіп, онда ұлттық тағам түрлері мен кәдесыйлар көрсетілді», - делінген хабарламада.  

Хабарламада айтылғандай, Қазақ мәдениеті күні – Сан Диегода білім алып жатқан стипендияттардың қолға алған алғашқы шаралары. Ол екі мемлекет арасындағы мәдени және ақпарат алмасуды дамытуға бағытталған. Ұйымдастырушылар аталған игі бастаманың жыл сайын тұрақты өткізіп отыруды да жоспарлап отыр.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендияттары ұйымдастырған шара АҚШ-тағы «Халықаралық бағдарламалар ортылығы» АҚ өкілдігінің қолдауымен өтті. 




Яндекс.Метрика