Парламент

Мәжіліс сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Астана қаласы21 Қаңтар , 14:32

Аталған заң жобасымен сақтандыру тарифтерінің мөлшері мен оларды төлеу тәртібін өзгерту, сақтандыру төлемдерін синхрондау және оңтайландыру, жұмыскердің кінәсі болған немесе болмағанына қарамастан сақтандыру төлемін іске асыру бойынша норманы алып тастау, еңбекке қабілеттілігінен 0-ден 29%-ға дейін айырылған жағдайда жұмыс берушіге төлемақыны беру, келген залалдың орнын толтыру есебінен төлемдерді индексациялауға бірегей әдіс енгізуге қатысты бөлігінде «Жұмыс (қызмет) міндеттемелерін атқару барысында қайғылы оқиға орын алған жағдайда жұмыскерді міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.    

 




Яндекс.Метрика