Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылы еРау жүйесі арқылы 3 млрд теңге өткізілді – ҰАТ

«Электронды үкіметтің төлем шлюзі» жүйесі арқылы 2014 жылы қазақстандықтар 3 036 274 000 теңге көлемінде 639 701 төлем жасады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан21 Қаңтар , 19:36

Хабарламада айтылғандай, айыппұлдардың басым көпшілігі жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан төленген. 2014 жылы шлюз арқылы қазақстандықтар 1 670 494 000 теңгенің айыппұлын төлесе, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен шамамен алты есеге дейін артық. «Аталған төлем әдісінің кеңінен тарауы екінші деңгейлі банктерде де осы жүйенің қолданыла бастауы. Сонымен қатар, банкаралық есептің қазақстандық орталығы да аталған әдіске бет бұруда. Өз кезегінде БЕҚО екінші деңгейлі банктерге ғаламтор банкингі мен жекелеген банктердің есептеу-кассалық бөлімдері арқылы айыппұл төлеу мүмкіндігін ұсынады. Аталған банктер қатарында Банк Центр Кредит, Сбербанк, Каспий банкі,  AsiaCreditBank пен өзгелері бар. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасындағы барлық банктермен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмағамбетов.

Сонымен қатар, халық арасындағы онлайн төлем көлемі жыл санап артып келе жатыр. 2011 жылы төлем көлемі 19 543 000 теңге, 2012 жылы 141 298 000 теңге, ал 2013 жылы 1 145 391 100 теңге болған.

Естеріңізге сала кетейік, «Электронды  үкіметтің төлем шлюзі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі 2010 жылдан бері елімізде жұмыс істеп тұр.  




Яндекс.Метрика