Инфрақұрылымның дамуы

Алтынсары ауданының тұрғындары жаңа газ құбырына қол жеткізді – әкімдік

Алтынсары ауданы Красный Кордон ауылына жаңа газ құбыры тартылды, деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі.
Қостанай21 Қаңтар , 15:48

«2014 жылдың мамыр айынан бері Красный Кордон ауылында орналасқан коммуналдық-тұрмыстық нысандар мен мекемелер, тұрғын үйлерге арналған төменгі қысымдағы тарату желілері мен газ тарату пунктері құрылғысымен жоғары қысымды газ құбыры құрылысының  жобасы жүзеге асырылды. Құбырдың ұзындығы 18,6 шақырым. Жоба құны 204 млн теңге», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, өткен жылдың желтоқсан айында барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының 54 абоненті газбен қамту желісіне қосылып, қазіргі таңда осы мақсаттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Айта кету керек, Алтынсары ауданы аумағындағы Обаған, Силантьевка, Малая Чураковка мен Щербакова ауылдарынан 94,4 км газ құбыры өтеді. 




Яндекс.Метрика