Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда ХАССП жүйесі бойынша тамақ өнеркәсібінде оқыту басталды - ҰЭМ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ғылыми-практикалық орталығы базасында Комитеттің жаттықтырушыларын «ХАССП қағидаттары және оларды тамақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында қолдану» бағдарламасы бойынша оқыту басталды, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі.
Алматы қаласы21 Қаңтар , 15:18

«ХАССП жүйесін зерделеу заңнамаға кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізумен байланысты өзекті болып отыр. Кәсіпорында тексерудің баламалы нысандарының бірі болып табылатын ХАССП жүйесін енгізу кәсіпорында ерекше тәртіп бойынша тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Ақпараттық және оқу іс-шаралары, сондай-ақ кәсіпорындарда ХАССП-ны пилоттық енгізуді іске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк іске асыратын «Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасы және оның «ДСҰ-ға кіру шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» кіші компоненті шеңберінде жүзеге асырылады.

Одан әрі оқып шыққан жаттықтырушылар республика өңірлерінде тамақ өнеркәсіптерінің өкілдері үшін ХАССП жүйесі бойынша тереңдетілген оқыту курстарын өткізетін болады. Бұдан басқа, ХАССП-ны енгізу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жүргізілуде. Алынған тәжірибе қорытындыланатын және еліміздің барлық жерінде пайдаланылатын болады.

Кәсіпорын деңгейінде тағам өнімдері қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз етудің тиімді құралы ХАССП жүйесін енгізу болып табылады (ағылшын транскрипциясында НАССР - Hazard Analysis and Critical ControlPoints, «қауіпті факторларды талдау және бақылаудың сындарлы нүктелері» дегенді білдіреді).

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ХАССП – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару.




Дерекнама

Яндекс.Метрика