Парламент

Мәжіліс «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Астана қаласы21 Қаңтар , 11:52

«Аталған заң жобасы ҚР Конституциясында және Қазақстан қабылдаған халықаралық келісім-шарттарда бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да құқықтар мен еркіндіктерді іске асыруда мүгедектерге басқа азаматтармен теңдей мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Заң жобасының негізгі міндеті мүгедектер мен тұрғындардың өзге де шағын мобильді топтары үшін қызметтер мен объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оңалту саласында қызметтер ұсыну тетігін жетілдіру, мүгедектер үшін өмір қызметі мен қоғамға ықпалдасуда тең жағдайлар жасау болып табылады.

Қазіргі таңда Конвенцияны 151мемлекет, оның ішінде ТМД елдерінен - Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Ресей Федерациясы, Ураина ратификациялады.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстандағы 627 мың мүгедекке және олардың отбасына конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда қосымша кепілдіктер береді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика