Мәдениетті жаңғырту

ҰОС ардагерлері 30-шы сәуірге дейін «дабыл түймешесімен» қамтамасыз етіледі – Нұрбеков

«Өмір сызығы» әлеуметтік бағдарламасының науқаны аясында ҰОС ардагерлері 30 сәуірге дейін «дабыл түймешесімен» қамтамасыз етіледі, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде «Өмір сызығы 24» қоғамдық қорының директоры Ернар Нұрбеков.
Астана қаласы21 Қаңтар , 11:36

Науқан аясында «Өмір сызығы» әлеуметтік бағдарламасы жалғаса бермек. Оның мәні сонда, бағдарлама арқылы ҰОС ардагерлеріне «дабыл түймешелері» таратылмақ. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 5083  ҰОС ардагері тіркелген. Олардың әрқайсысы жедел көмек беретін аталған жүйеге қосылмақ. Жобаның мақсаты ардагерлерді жан-жақты қолдау болып табылады.  

«Ұлы Отан соғысы ардагерлері кестеге сай құрылғыға қосылады. Оны беретін ардагерлер ұйымы. Науқанға қатысушылармен бірлесіп біз жобаны осы жұма бастап, сәуірдің соңына дейін жалғастырмақпыз», - дейді ол.

Нұрбековтың айтуынша, бұл идея шетелдік тәжірибеден туындап отыр. АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресейде бұл тәжірибе бар. ҚР аумағында жүйе алғаш рет енгізілуде.

Құрылғы кәдімгі қалта телефоны секілді. Арт жағында «SOS» түймешесі бар. Оны басар болсаңыз, автоматты түрде Көмек орталығымен байланысасыз.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика