Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИД МБ аясында Ақтөбе облысында 547 млрд теңгенің 74 жобасы пайдалануға берілді

ҮИИД МБ аясында бес жыл ішінде Ақтөбе облысында 547 млрд теңгенің 74 жобасы пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде шамамен 6,6 мың жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе21 Қаңтар , 14:03

Хабарламада айтылғандай, Қазақстанның Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан 83 инвестициялық жоба енгізілген. Олардың инвестиция көлемі шамамен 691 млрд теңге болса, осының арқасында 11,8 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды өңірдің ішкі саясат басқармасы.

2014 жылы жалпы құны 220,5 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба жұмыс істей бастаса, бұл өз кезегінде 1,4 мың тұрақты жұмыс орнын ашады деп күтілуде.




Яндекс.Метрика