Мәдениетті жаңғырту

Қарағанды облысының әкімі ҰОС ардагерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органының ардагері Сабырғали Күсеновті 100 жылдық мерейтойымен құттықтап барды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды21 Қаңтар , 13:34

Сабырғали Күсенұлы 1915 жылы 20 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы, Үрден ауданы, Бисен аулсоветінің «Сарттардың үш терегі» атты жерде дүниеге келді.

17-жасынан бастап өзінің еңбек жолын «Алғашық» ұжымшарында бастап, кейіннен нархоз есеп бөлімінің ауданында және Үрден бөлімінде жұмыс атқарды.
1939 жылдың қазан айында Совет армия қатарына шақырылып, Гродно қ.(Белоруссия) Батыс үшінші әскери округінің 152 ауыр артиллерия полк корпусының 4-ші атыс корпусында өз міндетін атқарды.

Сабырғали Күсенов Қызыл армия қатарына 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысы басталысымен 518-ші зениттік-артиллериялық полктың құрамында болған. 1943 жылы кіші лейтенант бола тұра, 56 атқыштар взводының командирі болып тағайындалды. 

1995 жылы Ұлы жеңістің 50 жылдық мерейтойында Сабырғали Күсеновке отставкадағы полковник шені берілді.Ерен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының І дәрежелі ордені берілген, үш бірдей Қызыл жұлдыз орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, «Мәскеу үшін соғыстың 65 жылдығы үшін» естелік белгісімен марапатталған.

5 қыз бала тәрбиелеп, 9 немере 13 шөбере көрген.Нұрмұхамбет Әбдібеков ардагерді құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілей отыра, ақшалай сыйлық ұсынды.




Яндекс.Метрика