Мәдениетті жаңғырту

«Өмір сызығы» жобасы 5 мыңнан астам ҰОС ардагерін қамтиды

Ұлы Отан соғысы ардагерін қолдау мақсатындағы «Өмір сызығы» жобасы 5 мыңнан астам адамды қамтымақ, деп мәлімдеді бүгін «Самұрық-Қазына» қоры атқарушы директоры Дархан Қалетаев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы21 Қаңтар , 10:56

«Науқанды өткізу үшін Еуразиялық медиа-форум мен өзге де әріптестерімізді шақырдық. Бірінші кезекте, бұл «Өмір сызығы» жобасының жалғасы. Ол ҰОС барлық ардагерін, яғни бес мыңнан астам қарияны қамтиды», - дейді ол.  

Сонымен қатар, Д.Қалетаев ҰОС ардагерлеріне арналған өзге де бастамалар туралы айтты.

«Одан кейінгі шара – бірыңғай ақпараттық алаң құру. Онда қайырымдылық шараларына басымдылық берілмек. Сонымен қатар, «Еуразия бірінші арнасымен» бірлесіп «Біздің соғыс» атты көпсериялы фильм мен КТК арнасымен бірлесіп батырлар туралы тұрақты бағдарлама түсіреміз. Бұл бізідң орталық деңгейде өткізетін басты шараларымыз. Ал өңірлердегі мекемелер өз кезегінде түрлі жұмыстар істей бермек», - деді атқарушы директор.

«Өмір сызығы 24» қоғамдық қоры директоры Ернар Нұрбековтың айтуынша, аталмыш жоба республиканың барлық өңіріндегі соғыс ардагерлерін қамтымақ.

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика