Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ШҚО-да Туризмді дамытудың жол картасы жасақталуда

ШҚО-да туризмді дамыту үшін инфрақұрылымдарды салуға бағытталған Туризмді дамыту жол картасы жасақталуда, деп хабарлады ІСБ.
Шығыс Қазақстан21 Қаңтар , 12:52

Ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, ішкі туризмді дамыту үшін нақты қадамдар жасалды. Мысалы ҚР Үкіметінің Қаулысымен «ҚР-дағы туризмді дамыту жол картасы - 2020» бағдарламасы бекітілді. Оның негізінде ШҚО-ның Туризмді дамыту жол картасы жасақталуда.

Бүгінгі таңда туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша 20 жоба ұсынылды, оның ішінде 18-і жергілікті маңыздағы жолдар бойынша, 2-і Үржар мен Қатон-Қарағайдың әуежайына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты.

Аталып өткендей, жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу аймақтағы туризмнің дамуына, шетелдік туристердің көптеп келуіне жағымды әсер етеді. Оның үстіне облыс орталығымен көліктік байланыс мәселесі шешіледі. Мұның барлығы туризм саласындағы инвестицияның артуына сеп болмақ. 

Атап айтар болсақ, Астана-Өскемен бағытындағы автомобиль магистралі осы жолда шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді. Сала мамандарының айтуынша, аталмыш бағытты дамыту жергілікті бюджет табысын жылына 25 млн теңгеге дейін арттырады. 




Яндекс.Метрика