Өңірлер

2015 жылы ШҚО-да Тұрғынүй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп 10 үйді пайдалануға беру жоспарланған

2015 жылы ШҚО мен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі алаңы 51 мың шаршы метрді құрайтын, 5 378 млн теңгелік 861 пәтерлік 10 үйді пайдалануға беруді жоспарлауда, деп хабарлады Банк.
Шығыс Қазақстан21 Қаңтар , 12:37

« «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында «Халықтың барлық санатына арналған баспана» бағыты бойынша бағдарлама жұмыс істегелі бері 1 810 пәтерлік 25 тұрғын үйді салу туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Оның алаңы 110 мың шаршы метр», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 949 пәтерлік 15 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның жалпы алаңы 59 мың шаршы метрді құрайды. «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша 542 пәтерлік 7 баспананы салу бойынша ынтымақтастық меморандумы түзілді, оның көлемі 32,4 мың шаршы метрді құрайды. 2014 жылы пайдалануға 107 пәтерлік 2 баспана берілді, оның жалпы көлемі 6,4 мың шаршы метрге тең. 




Яндекс.Метрика