Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО әкімдігі мен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі халықты әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етеді

ШҚО әкімдігі мен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі бірлесе отырып Шығыс Қазақстан облысы халқын әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды банк.
Шығыс Қазақстан21 Қаңтар , 17:18

«Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының  әкімі Даниял Ахметов, Қазақстанның «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиев арасында Шығыс Қазақстанда тұғын үй құрылысын іске асыру бойынша Меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.

Тараптар өңірде тұрғын үй құрылысын іске асыру, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мен халықты сапалы әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге қызығушылық танытып отыр.

Банктің мәлімдеуінше, эконом сыныпты үй құрылысын қаржыландыру құрылыс компаниясы есебінен де, облыстық бюджет есебінен де мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидасымен жүзеге асырылады.  

Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру, оны инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жобалау-сметалық құжаттарды дайындау мен түзетуді тексеру жұмыстарымен облыс әкімдігі айналысатын болады. Тапсырыс беруші ретінде және тұрғын үй құрылысын ұйымдастырушы «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ болмақ.

Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі өз кезегінде үйді сатып алушылар пулын құрып, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинағы қаражаты есебінен салынған шаршы метрлерді сатпақ. Сонымен қатар, банк құрылыс компанияларын тағы да несиелендіру үшін екінші деңгейлі банктерге шартталған депозиттерді орналастыру арқылы құрылысты қаржыландырмақ. Осылайша құрылыс компаниясы арзан бағамен үй салу мүмкіндігін алмақ.

 




Яндекс.Метрика