Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

БҚО-да жасанды шағыл өндірісінің технологиясы іске қосылды

Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдары Корпорациясының (БҚҚМК) Орал қаласындағы әк зауытында жасанды шағыл өндірісі технологиясы іске қосылды, деп хабарлады облыстың ІСБ.
Батыс Қазақстан 21 Қаңтар, 10:21

«Зерттеу жүргізу үшін сала мамандары Батыс Қазақстан облысындағы Тасқалы кен орнының кремнийлі тау жынысын алған. Оралдық ғалымдардың технологиясы өндірістік, азаматтық және жол құрылысын дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді», - делінген хабарламада.

Ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, аталмыш өндірісті ұйымдастыру жылу сақтау материалдарының, ауыр және жеңіл бетон негізіндегі құрылыс материалдары номенклатурасының  сапасын арттырады. Жасанды шағылдың орташа тығыздығы 2,5 есеге дейін жеңіл, жылу өткізгіштігі 30-40%-ға төмен.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ жасанды шағыл қымбат емес, әрі қолжетімді. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, жасанды шағылға деген сұраныс тек Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында жылына - 1 895,0 мың текше метрді құрайды. Ал, аталмыш технологияның авторы жылына  190 мың текше метрін өндіруге дайын, бұл өз кезегінде аталмыш нарықтың 10%.

ІСБ атап өткендей, жасанды шағылды өндіру үшін еліміздің барлық аймақтарында кездесетін кремнийлі тау жынысын өндірген жеткілікті. Айта кетерлік жайт, классикалық шағыл еліміздің тек кейбір аймақтарында ғана бар.

2014 жылы жеңіл әрі берік жасанды шағыл өндіру технологиясын ҚР БҒМ жанындағы технологияны коммерцияландыру орталығы қолдап, 45,5 млн теңге грант бөлінген болатын. Бүгінгі таңда аталмыш жоба ең табыстылардың бірі болып есептеледі.





Яндекс.Метрика