Мәдениетті жаңғырту

Қытайда Ұлы Абайдың балалық шағы туралы анимациялық фильм түсірілуде

Урумчи қаласында (Қытай) қазақ кәсіпкері Гусман Қажытай бастауындағы «Абай жолы» анимациялық компаниясы «Абай балалық шағы» атты көп бөлімді анимациялық фильм түсіріп жатыр, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Әлемде21 Қаңтар , 20:51

«Жоба авторларының сөзіне қарағанда, аниме түсірудің басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты ұлы ақынның шығармашылығымен таныстырып, олардың бойларында қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген мақтаныш және сыйластық сезімдерін қалыптастыру», - делінген хабарламада.

2014 жылдың басында іске қосылған жобаға сәйкес анимациялық фильм 104 бөлімнен тұрады. Қазіргі уақытта олардың екі сериясы дайын. Мультфильмнің түсірілімі үш жыл ішінде бітеді деп күтілуде. Сонымен қатар жоба авторлары толықметражды мультфильм түсіруді жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика