Өңірлер

Құрлық әскерлерінің 300-ден астам әскери қызметшісі жаяу әскер жауынгерлік машинасын (БМП) жүргізу және оның қару-жарағынан оқ атуды жүзеге асыруда (Фото)

Жамбыл облысының Мәтібұлақ полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Мереке Күшікбаевтың жетекшілігімен жеке мотоатқыштар батальондары әскери қызметшілерінің жаяу әскер жауынгерлік машинасын жүргізу және оның қару-жарағынан ату бойынша сабақтар басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 21 Қаңтар, 13:05

Сабақтарға 40 дана техника, 30  ЖЖӘМ экипажы, 300-ден аса офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жұмылдырылуда.

«Аталмыш іс-шаралар экипаждың іс жүзіндегі біліктіліктерін арттыру және олардың шеберліктерін жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр. Оқу-жаттығужауынгерлік іс-әрекеттерге барынша жақындатылған жерлерде өткізіледі», - делінген хабарламада.

Сабақтар бөлімшелердің орналасқан жерлерінен практикалық сабақтар өткізілетін жерге марш жасаудан басталды. Марштың кейбір учаскелерінде қолбасшының орынбасары даңғыл жолдан бұрып, кедергілері бар жермен жүргізді. Осындай әдістердің арқасында жүргізуші-механиктер тәжірибе жинап, әр кезең сайын қиын учаскелерден өтіп, соңында еш кедергісіз осы тапсырманы үйлесімді орындайды.

ЖЖӘМ қару-жарағымен әрекеттесуді үйрету – бұл 30 мм-лік автоматты зеңбіректен, пулеметтен ату. Атыс сабақтары күндіз әрі түнгі уақытта жүргізілді. Мәтібұлақ полигонындағы сабақтар 2015 жылғы 19-25 қаңтар аралығында өткізіліп, қорытынды шығару және ең үздік экипажды марапаттаумен аяқталады. 

 





Яндекс.Метрика