Адамзаттық капитал

Қазақстанда келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің саны жыл сайын артып келеді – Қорғаныс министрлігі (Фото)

Қазақстанда келісімшарт бойынша қызмет ететін әскер қатары жыл сайын 4-5 мың адамға ұлғайып келеді, деп хабарлады ведомство.
Казахстан 21 Қаңтар, 09:21

«Келісімшарт бойынша қызметке қабылданатын әскери қызметшілер мемлекет тарапынан қомақты әлеуметтік қолдау көреді. Келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері тұрғын үймен қамтамасыз етіледі несе оны жалдағаны үшін өтемақы алады. Жекешелендіру құқығы барлардан басқасы әскери қызметтен босаған жағдайда қызметтік тұрғын үйді қайтарады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар тегім медициналық қызмет көрсету көзделген. Жиырма жылдан артық еңбек сіңіріп қызметтен босатылғандар әскери-медициналық мекемелерде тегін емделуін жалғастырады, ал жиырма бес жылдан аса қызмет еткендер санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

Министрлік хабарлағандай, тұрғын үй берілуі мен тегін медициналық қызмет көрсетуден басқа келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері басқа орынға көшкен жағдайда әуе, теміржол, су жолы және автомобиль көліктері қызметтерін тегін пайдалана алады, балаларына балабақшадан кезектен тыс орын беріледі.





Яндекс.Метрика