«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Әлемдік экономикадағы қатерлер қазақстандық экономиканың дамуына оң әсер етеді – сарапшы

Әлемдік экономикадағы қатерлер қазақстандық экономиканың дамуына оң әсер етеді, деп мәлімдеді Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Болат Әуелбеков.
Астана қаласы21 Қаңтар , 08:49

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы алғышарт еді. Жаңа экономикалық саясат алдағы уақытта қолға алуымыз тиіс шаралар кешенін қамтиды. Атап айтар болсақ, ішкі нарықтың белсенділігін арттыру шаралары мен жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бізде қазір 17 металлургиялық зауыт бар. Оның көпшілігі импортқа негізделген. Әрине, металл сұранысы әлемде төмендейді. Осының кесіріне ұшырамас үшін аталған зауыт қуаттылығы мен шикізатын сақтауымыз керек», - дейді ол.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, әлемдік экономика жағдайларының өзгеріске ұшырауы қазақстандық экономикаға пайда тигізуі мүмкін. «Оның бәрі біздің жұмыс істеуімізге байланысты. Үлкен аумақты алып жатқан Қазақстан үшін сапалы және ұзақмерзімді жолдар қажет. Егер шикізат пен өнім арзандайтын болса, онда жұмыспен қамту мәселесі шешілмек. Біріншіден, өндірістік құрылымдар сақталады және логистика дамиды», - дейді.

Болат Әуелбеков Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлікке мән беру керектігін айтты. «Бұрындары бағдарламалар қағаз жүзінде ғана болса, қазір енді осыларды нақты іске асыру керек. Шағын және орта кәсіпкерлік деген елдегі жұмыспен қамту және баға белгілеуде басты рөл ойнайтын сала түрі», - дейді сарапшы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика