Адами капитал

Кәсіпкерлердің 86,4% экономикалық соттар судьяларының кәсіби біліктілік деңгейіне қанағаттанады - ЖС

2014 жылдың қорытындысы бойынша сот процестеріне қатысқан кәсіпкерлердің 86,4% экономикалық соттар судьяларының кәсіби біліктілік деңгейіне қанағаттанатындықтарын білдірді, деп хабарлады Жоғарғы сот.
Казахстан20 Қаңтар , 20:23

Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп, 2014 жылдың шілде және желтоқсан айларының аралығында әлеуметтанулық зерттеу жүргізуді ұйымдастырды.

Сауалнама сот процестеріне қатысқан шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың  қызметіне берілетін қоғамдық бағаны зерделеу мақсатында жүргізілді.

«Мамандандырылған экономикалық соттардың фойесінде сауалнамаларды жинақтау үшін арнайы, мөрленген жәшіктер орнатылды. Сауалнаманы ұйымдастырушылар әзірлеген сауалнамалардың стандартталған бланкілері сотқа келген сот процесіне қатысушыларға таратылған», - делінген хабарламада.

Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша сұрау салынған респонденттер саны 6 878 адамды құрады.

Сауалнама нәтижесіне жасалған талдау барлық респонденттердің 5 938-інің немесе 86,4% экономикалық соттар судьяларының кәсіби біліктілік деңгейіне қанағаттанатындықтарын көрсетті.

 




Яндекс.Метрика