Экономика

Самұрық-Қазына ағымдағы шығындарды 337 млрд теңгеге дейін қысқартпақ

Самұрық-Қазына ағымдағы шығындарды 337 млрд теңгеге дейін қысқартпақ, деп хабарлайды компания.
Казахстан20 Қаңтар , 17:07

Хабарламада айтылғандай, компанияның бизнес жоспарына түзетулер енгізілмек. Атап айтар болсақ, бекітілген жоспарға қарамастан ағымдағы шығындарды 337 млрд теңгеге дейін қысқарту қарастырылған. Осы тұрғыда өзіндіңк құны 249 млрд теңгеге азайып, жалпы әкімшілік шығындар 64 млрд теңгеге азаяды.

Капиталдық шығындар 18 пайызға немесе 1,3 млрд АҚШ долларына дейін қысқартылмақ.

Самұрық-Қазынаның мәліметінше, қордың инвестициялық бағдарламасын 18 пайыз қысқарту жоспарланған. Қор компанияларының  тобы бойынша химия, кен өндіру, құрылыс, көлік, мұнай-газ салаларында инвестициялық бағдарлама шығындарын азайту көзделіп отыр. Осы орайда ИИД МБ мен «Нұрлы Жол» нысандары мен «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарына өз әсерін тигізбек емес.

Барлық компания үшін қазірдің өзінде алдағы 3 жылға Трансформацияның жол картасы жан-жақты бекітілген. Қор бизнес жобаларының реинженерингі жұмыстары мен үздік халықаралық баламалар қабылдау бойынша стратегиялық холдинг моделіне өту жұмыстары басталды.

«2015 жылы Ұлттық компания 10 ірі компанияда операциялық трансформацияны іске қосады. Компаниялар бойынша 8 мыңнан астам процесс сарапталып, қайта қаралады. Жаңа жүйе мен еңбекақы төлемінің грейдерлік жүйесі енгізіледі. Компаниялар тобы ақпараттық технологиялар  бойынша ортақ орталық құрып, 70 млн теңгеге дейін қаражат үнемдемек. Компаниялар саны 600-ден 500-ге дейін қысқармақ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2015 жылы да жекешелендіру бағдарламасы жалғаса бермек.




Яндекс.Метрика