Өңірлер

Алматы бюджеті 2015 жылы 350 млрд теңгені құрайды – әкімдік

Алматыда 2015 жыл бюджетінің көлемі анықталды, ол 434 млрд. 497 млн. 412,3 мың теңгені құрайды. Қаланың бюджеттік шығындарды алып тастағандағы нақтылы бюджеті - 350 млрд. 841 млн. теңге. Бұл жөнінде қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы20 Қаңтар , 19:37

«Өткен жыл ойдағыдай өтті. Ал, биыл жоғарыда аталған себептерге байланысты бюджет қысқаруы мүмкін. Біз қазіргі кезде жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгенің оңтайландыру жұмыстарын жүргіздік», - деді Ахметжан Есімов.

Қаланы басқару схемасын бекіту туралы мәселені қарау барысында Үкіметтің 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы №1397 қаулысына сәйкес Алматының жергілікті атқару органының базалық құрылымына 3 басқарма қосылды, олар - Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы, Жерді пайдалануды бақылау басқармасы және Ауыл шаруашылық басқармасы.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика